Ақтөбедегі автогаз бекетінде автокөлік отқа оранды
Ақтөбелік өрт сөндірушілер автогаз бекетіндегі жарылыстың алдын алды. Кеше қаланың Едіге батыр даңғылы бойындағы автогаз толтыру бекетінде 25 литрлік тұрмыстық газ баллонын толтырып жатқан азаматтың көлігі отқа оранды.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автокөліктегі өртті сөндірді. Алайда өрт кезінде станция операторын күйік шалып, ол медициналық мекемеге жеткізілді.