Президенттің тапсырмасына сәйкес «Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейді

akorda.kz

«Бағанашыл» балалар үйі ешқайда көшірілмейді. Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне тиісті тапсырма берді. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жариялады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі - Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады»,-делінген жазбада.