Ақтөбе облысында 460 шақырымнан астам жол жөнделеді
Ақтөбе өңірінде 460 шақырымнан аса жол жөнделіп, жаңадан салынады.
Бұған 60 млрд.қа жуық теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаев мәлімдеді. Осылайша жергілікті жолдарды 82 пайызға жақсарту жоспарланған. Ал соңғы 3 жылда 1 мың 200 шақырым жол жөнделген.