Прокурор П.Қайратты 10 жылға соттауды сұрады
Перизат Қайратқа 10 жыл түрме жазасы сұралды.
Ал оның анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жыл бас бостандығынан айыру мерзімі ұсынылып отыр. Қос мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың жазасын жеңілдетпей, керісінше ауырлату керек деген ойларын ортаға салды. Атышулы іске байланысты бүгін алғашқы сот жарыссөзі өтті. Белгілі болғандай, 2021 жылдан 2025 жылға дейін Перизат Кайрат пен анасы бірігіп 3,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолды қылған. Бұл ақшаға олар қымбат көліктер пен элиталы пәтерлер сатып алған. Сондай-ақ шетелде қымбатты қонақүйлерде демалып, бағалы заттар алған. Перизат Қайрат палестиналықтарға деп жиналған қаржыны да қолды қылғаны анықталды. Алайда айыптың бұл фактісі бойынша Перизат Қайрат өз кінәсін мойындамаған. Жарыссөздің жалғасы ертең таңғы сағат 10:00-ге жоспарланып отыр.