3500 шақырым су арнасына автоматтандырылған есептеуіш құралдар орнатылады
Жалпы алдағы екі жылда Түркістан және Жамбыл облыстарындағы 169 су арнасына автоматтандырылған есептеуіш құралдар қойылады.
Сондай-ақ Қызылордада 16 магистралдық және шаруашылық арналарына ақылды қондырғылар орнатылады. Ал аймақтағы 5 су нысаны жаңғыртудан өтеді. Меже орындалса, тіршілік көзінің тапшылығын жойып, үнемдеп тұтынуға мүмкіндік туады. Үкімет оңтүстік өңірлерде 3500 шақырым суару жүйелерін автоматтандыруға міндетті. Мәселе мемлекет басшысының бақылауында болады.
Түркістан облысы – 97 су арнасы
Жамбыл облысы – 78 су арнасы
Қызылорда облысы – 16 су арнасы, 5 гидро бекет