Перизат Қайрат ісіне қатысты сот жарыссөзі өтті
Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайратқа қатысты басты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін жарыссөз, яғни зардап шеккендердің пікірі тыңдалды.
Жәбірленушілер бір ауыздан сотта Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның кінәсі толық дәлелденді деген пікірде. Сонымен қатар аударылған қаражат толық қайтарылуын қалайды. Өзгелерге сабақ болу үшін кінәлілер толық жазасын алуы керек деген пікірде. Судья Сабыржан Кәрімов түске дейінгі отырысты тоқтатты. Бұған кейбір жәбірленушілердің бүгінгі отырысқа қатыса алмауы себеп. Жарыссөз ертең сағат 11:00-де жалғасады.