Арқалықта жылу желілері жаңартыла бастады

Құбырлар үш жыл бойы кезең-кезеңімен ауыстырылып жатыр.

Қазір ескірген желілердің жартысына жуығы жаңарды. Жұмыстарды толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінеді.

Арқалықта жылу желілерінің жалпы ұзындығы 35 шақырымнан асады. Ескі құбырларды ауыстырғалы қаладағы инженерлік желілердің тозу көрсеткіші едәуір төмендеген.

Инна Реймер, Арқалық қалалық ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы:

- Бұрын тозу деңгейі 90 процент болса, қазір 50 процентке дейін азайды. Жаңа құбырлар тартылған аумақта жылу жақсарды. Апаттар саны да 12 пайызға төмендеді. Бұған қоса шығын да қысқарды. 

Соңғы екі жылда Арқалықта 17 шақырым жылу желісі жаңартылды. Әлі осынша шақырым құбыр ауыстырылуы керек. Жалпы жаңа құбырлар берік материалдан жасалған. Қосымша оқшаулаудың қажеті жоқ. Сонымен бірге арнайы датчиктермен жабдықталған. Апат болған жағдайда диспетчерлік орталыққа дереу хабарлама түседі. Бұл тиімді әрі шұғыл әрекет етуге қолайлы.

Өміржан Әбдібеков, Арқалық қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м. а.:

- Қазіргі таңда 500 млнға шамамен ақша бөлінді үшінші кезең бойынша. Біз осы үшінші кезең бойынша жылу желілерін апаттық участоктарды таңдап, сол жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Осы 10 күн ішінде жылу тұрбалары келеді. Жылу трубалары келгеннен кейін осы абоненттерді қоса бастаймыз.

Арқалықтағы жылу электр орталығына 350-ден астам көпқабатты және жеке тұрғын үйлер қосылған. Жылыту маусымына дайындық аясында нысаннан бөлек су және бу қазандықтары жөнделіп жатыр. Алдағы уақытта 48 мың тонна көмір жеткізіледі деп жоспарланған. 

Асланбек Шығыр, Наталья Строкова, Сергей Трахтенберг