Жастарға мемлекеттің қамқорлығы артып келеді
Жастарға көрсетілетін қолдау жыл сайын артып келеді.
Бұл бағытта 2029 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы әзірленіп, президент тапсырмасымен биыл «Наурыз» және «Отау» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды. Бұған қазына қаржысынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде 35 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам азамат үйлі болды. Сондай-ақ «Жас Кеңес Сыйлығы» беделді жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталып, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы шығармашыл жастарды қолдауда тиімді жүзеге асып келеді. Алда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жас көшбасшылары мен таланттарының кездесуін өткізу де жоспарланып отыр. Шара жастар арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналады.