Әскери қызметшілердің тұрғын үйін жекешелендіру процесі цифрландырылады
Енді әскерилер қызметтік тұрғын үйді электронды портал арқылы жекешелендіре алады. Бұл саладағы цифрландырудың арқасында мүмкін болып отыр. Мұны Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев хабарлады.
Нәтижесінде қағазбастылық азайып, жекешелендіру процесі жеңілдетілді.Әскери салада алдағы уақытта басқа да құжаттарды электронды форматқа ауыстыру көзделген.
Дархан Ахмадиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Бұдан өзге «Сарбаз 2.0» жобасы аясында Жасанды Интеллект элементтерін енгізуді қарастырып жатырмыз. Олар ЖОО берген ұсынымдарды пайдаланушы профиль арқылы бағдарламаларды таңдауды, құжаттарды автоматты түрде тану мен тексеруді және оқу үлгеріміне талдау жүргізуді, ЖОО-ға оуға түсу бойынша ұсынымдарды беруді қамтиды.