Елордалық құтқарушыларға баспана кілті табысталды

Бүгін астаналық 15 құтқарушыға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Ал өрт сөндіру бөлімдерінің қызметтік техника паркі 20-ға жуық жаңа автокөлікпен толықты. Осылайша Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау жүйесін күшейтіп, мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ден қойып отыр.

Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз басын қатерге тігетін азаматтар елімізде жетерлік. Олар тілсіз жауға қарсы тұрып, қызыл жалынмен арпалысуда еш қаймықпайды. Бүгінде осындай мамандардың бір парасы баспанаға ие болып отыр. Нақты айтқанда құтқарушылар мен жүргізушілерге және бөлімше командирлеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Олардың арасында еңбек өтілі 20 жылдан асқан Нұржан Әміров те бар. Тәжірибелі маман қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты номері 16-шы өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып еңбек етеді.

Нұржан Әміров, қалалық ТЖД №16 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі:

- 2001-ден 2010-ға дейін құтқарушы қызметін атқарғанмын, содан көлік жүргізушісі болып қазір қызмет атқарамын. Бүгін енді менің отбасымның, ағайын-туыс, бала-шағам үшін өте қуанышты жағдай. Бізге Президент мырза, Төтенше жағдайлар министрлігі мен акимат тарапынан осындай сый-құрмет көрсетіліп жатыр. Еңбегімізді бағалап, осындай эмоциядан не сөйлерімді де білмей тұрмын.

Құтқарушылардың жедел әрекет етуі үшін материалдық-техникалық базаның ақаусыз болуы шарт. Сондықтан бүгінгі салтанатты шарада тиісті бөлімдерге 18 қызметтік автокөліктің кілті табысталды.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Көліктердің сапасы сенімді болуы бізге өте маңызды. Әртүрлі құтқару операцияларында көріп жатырмыз  осындай жол талғамайтын болсын арнайы көліктеріміз бар. Керек құрылғыларымыз бар. Оның бәрі біздің қызмет көрсету деңгейіне өте жақсы әсерін тигізіп жатыр.

Арлен Бүркітбай, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Барлығы 250-ден астам осындай жаңартылған заманауи талапқа сай автокөліктер жаңартылып жатыр. Соңғы 2 жыл ішінде осындай көліктер алынды. +00.44-00.51/ Былтыр жергілікті атқарушы органнан Астана қаласынан 50 осындай пәтер алған болатынбын. Биыл міне 15 пәтер алдық. 

Биыл азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамту және оларды әлеуметтік қолдауға қатысты заң қабылданған. Соның аясында болған шара келер жылы да жалғасын табады.

Авторлары: Альмира Оразбай Арман Ақшабаев