ШҚО-да 100 млн тонна өндірістік қалдық қайта өңделеді

Ал Шығыс Қазақстан облысында  өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған ірі жоба қолға алынбақ. Шетелдік компания бұл бастамаға 70 млрд теңге инвестиция салуды көздейді.

Бұл жұмыс сонымен қатар өндіріс ошақтары бар Глубокое, Алтай аудандарында да іске асады. Қайта өңдеу өнеркәсібін жолға қою үшін заманауи технологиямен жабдықталған жеке кәсіпорын  ашылады.

Ержан Сембинов,  ШҚО Туризм басқармасының басшысы:
Сонау кеңес дәуірінен бері үйіліп жатқан қалдық жетерлік. Қазіргі жалпы көлемі 100 млн тоннаға жуықтайды. Шетелдік компания соларды қайта өңдеуге қауқарымыз жетеді деп отыр. Бұл экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы үлкен қадамдардың бірі болар еді.