Қайырымдылық қорлар туралы заң қайта қаралады
Еліміздегі қайырымдылық қорлар туралы заң қайта қаралады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді. Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң нормаларына түзетулер енгізетін кез келді.
Атап айтқанда, лицензиялаудан бөлек, халықтан жылу жинау шарасын жүзеге асыру процесі қайта қаралуға тиіс. Құзырлы органда бүгінде жұмыс тобы құрылған. Енді мамандар коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы айырмашылықты жіктейтін болады. Яғни, бұл санаттағы ұйымдар мен қорлар нақты немен айналысуға тиіс, және оларға лицензия қалай берілетіні қаралмақ. Бұдан бөлек, ондай ұйымдардың басшыларына тиісті жауапкершілік тағайындалуы шарт. Жаңа заң жобасын келесі жылы мәжілістің қарауына жіберу жоспарланып отыр.