Перизат Қайратқа сот үкім шығарды

Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Ал анасы Ғайни Алашбаеваға 7 жыл жаза мерзімі берілді. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Сабыржан Кәрімов сотталушыларға қатысты үкімді жария етті.  Ол бойынша Перизат Қайраттың ұрланған ақшаға сатып алынған мүліктері, 1 жеке үйі мен 4 пәтері, құны қымбат 4 көлігі тәркіленетін болады. Мұнымен қоса  97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары да қайтарылады. Сотта жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Алайда Перизат Қайраттың қорғаушы тарапы үкіммен келіспейтіндіктерін айтты.