Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Сорбұлақ су қоймасының аймағында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.«Бірақ жасанды көлдің түбі шөгінді және судың лай балшық болуы іздеуді күрделендіре түсуде» деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау үшін ауқымда оперция қолға алынды. Оған 400 жуық адам, 70-тен астам техника мен 21 жүзу құралы жұмылдырылған. Сондай-ақ су астын сканерлеу жабдықтары мен кинологиялық есептоптар тартылды. Жоғалған жандардың жақындарымен тұрақты байланыс орнатылып, іздестіру барысы баяндалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, әуе кемесі 25-ші шілдеде із-түссіз кеткен еді.