Биыл жеті мың шақырым жолдың құрылысы аяқталады. LIVE

Биыл «Достық – Мойынты» бағытындағы және Алматыдағы айналма теміржол құрылысы аяқталады. Ал келесі жылы «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы теміржол пайдалануға беріледі.

Сондай ақ «Бақты – Аягөз» теміржолы екі жылдан кейін іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг кезінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады. Инфрақұрылымды дамытуға қатысты тағы қандай ірі жобалар іске қосылады?