Қостанайда айып тұрағына 200 мопед қойылды

Қостанай облысының полицейлері 200-ден астам мопед пен скутерді тәркілеп, айыптұраққа жіберді.

Көлік иелері жол ережелерін өрескел бұзып, тіпті апаттық жағдай туғызған. Жыл басынан бері екі дөңгелекті көліктердің мыңнан астам жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көлік жүргізу куәліктері, міндетті сақтандыруы жоқ, ал техникалары тіркелмеген. Бұдан қоса 45 мотоцикл иесі алкогольді ішімдік ішіп, рульге отырғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Эльмира Испандьярова, Қостанай облысы ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

- Биылғы жылы мопедтер қатысқан 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның үшеуі өліммен аяқталып, 27 адам түрлі жарақат алды. 5 сәуірден бастап мопедтерге қатысты заң өзгерді, 50 куб сантиметрден артық қозғалтқышы бар мопедтерді тіркеу қажет. Барлығын тексереміз. Егер жүргізуші куәлігі болмаса, мопедтерді тәркілейміз.