Дженнифер Лопес мінген ұшақ Астанаға қонды
Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді. Әлемдік мегажұлдыз мінген ұшақ бүгін түнде елорданың әуежайына қонды.
Дженнифер Лопестің концертіне 25 мыңнан астам көрермен билет алған. Олардың 15 мыңнан астамы шетелден арнайы келіп те үлгерді. Бүгін қалада жол қозғалысы шектеліп, уақытша қолайсыздықтар туындайды. Музыкалық кештің қауіпсіздігін 1 300-ге жуық полицей қамтамасыз етеді.