Қарағандыда полицейлер арасында самбодан жарыс басталды

Қарағандыда ішкі істер органы қызметкерлері арасында самбодан республикалық жарыс басталды, деп хабарлайды 24kz.

Байрақты бәсеке «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған. Оған ведомостваға қарасты барлық құрылымдардан, облыстардан 19 команда келді. Мұндай сайыстар полицейлердің спорттық шеберлігін шыңдайды. Жарыс соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар, медальдар мен кубоктар табысталады.