Шетелдіктерге енді турист картасы беріледі

Елімізге келген меймандарға QR-коды бар турист картасы табысталды.

Ақтөбе станциясына Ресейден келген   жолаушыларды желілік полиция бөлімінің қызметкерлері   күтіп алды. Олар пойыздан түскен шетел азаматтарына туристер картасын таратты. Олар  QR-код арқылы жедел қызметтер туралы қажетті ақпаратпен таныса алады. Арнайы сайтта жедел жәрдем мен құтқару қызметінің нөмірі, көші-қон тіркеу ережелері мен ұялы байланыс операторларының тізімі,  такси қызметтері туралы деректер бар. Әлемнің бірнеше тілінде қауіпсіздік ережелері  жазылған.

Данияр Таскенов, Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Турист картасы шетел азаматтарына халықаралық әуежайлар мен темір жол вокзалдарында табысталады. Яғни Қазақстанға кірген сәттен-ақ қажетті ақпарат пен қызмет туралы хабардар болады. Басты мақсатымыз елімізге келген туристтердің қауіпсіздігін қамтамассыз етіп, қонақтарымыз өздерін жайлы сезінуі тиіс.