Шымкентте 9-сынып түлектеріне кәсіптік бағдар берілді
Шымкентте 9-сыныпты тәмәмдаған түлектер болашақ мамандығын таңдау үшін кәсіптік бағдар берілді, деп хабарлайды 24kz.
Мамандар талапкерлерді жол-көлік саласының қыр-сырымен таныстырды. Арнайы қызмет көрсету орталығына экскурсия ұйымдастырып, жұмыс барысын көрсетті. Биыл еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлау бойынша техникалық және кәсіптік мамандықтарға 8 мың білім гранты бөлінді. Сапалы біліммен қамту үшін дуалды оқыту жүйесі де жетілдірілді. Яғни, серіктестіктер арқылы тәжірибе алмасу ісі жолға қойылды. Нәтижесінде түлектердің 75%-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Айгүл Рүстемова, қалалық білім басқармасының бас маманы:
- Нәтижесін көріп отырмыз. Себебі бізде үздік оқыған түлектеріміз осындай мекемелерге барып, өз тәжірибесін, білім дағдысын көрсете алса, әлеуметтік әріптестер арқылы жұмысқа алынды. 75% балалар жұмыспен қамтылған.