Республикалық этномедиаторлар форумы өтіп жатыр

Ақтауда бас қосқан жүзден астам этномедиатор этномедиация институтын дамыту бойынша өзара тәжірибе алмасып жатыр. 

Республикалық форумға Ассамблея мүшелері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер де қатысуда. Маңызды шара Қазақстан халқы Ассамблеясының  30 жылдығына арналды. Жиында  этносаралық мәселелерді қарау кезінде алгоритммен жұмыс істеу әдістері талқылануда. Сондай-ақ этномедиаторларды даярлау бағдарламасына қатысты түйткілдер сөз болды. Айта кетейік,  2023 жылдан бері елімізде 15 мыңдай даулы іс этномедиатордың араласуымен оң шешімін тапты.

Шерзод Пулатов, ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы:

- Этномедиация аясында біз 3 бағыт бойынша жұмысымызды атқарамыз. Мысалы, біріншісі - ол алдын алу жұмыстары. Сонымен бірге мәселелер туындаған кезде біз осы мәселелерді шешу жұмыстарын да атқарамыз. Және де әрі қарай мәселе шешілгеннен кейін әрі қарай реттеу, себептерімен жұмыс істеу. Біздің халқымыздың арасында татулық бар. Бірақ, сол татулықтан айырылмау үшін және де күшейту үшін біз әрине әрқашанда дайын болуымыз керек.