Қызылордада 7 млрд теңгеге жаңа медициналық нысандар салынады
Қызылорда облысында 7 миллиард теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады, деп хабарлайды 24kz.
Құрылыс жұмыстары елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асады. Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар пайда болады. Бұл нысандарда инсульт орталығы мен рентген-хирургия бөлімшесі ашылып, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталады. Мұндай шара ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғынды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтиды.