Биыл 9 өткізу пункті жаңғыртылады
Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы 9 өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған, деп хабарлайды 24kz.
Қазір соның төртеуіндегі жұмыстар толық аяқталды. Бұл жайында бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиында айтылды. Жаңғырту кезінде 6 жолақты кірме жолдар салынып, электронды қадағалау жүйелері орнатылып, барлық қызмет түрлеріне ортақ бірыңғай инфрақұрылым жасауға ерекше мән берілген. Жиын барысында Үкімет басшысы кеден қызметінің, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасы шекараларындағы автомобиль өткізу пункттерін жөндеу мерзімдерінің кешіктірілуіне байланысты салалық министрліктер жұмысын сынға алды. Осы ретте Олжас Бектенов жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін мемлекеттік кірістер мен автомобиль жолдары комитеттерінің төрағаларын жауапкершілікке тартуды тапсырды.