Елдегі жылу орталықтары жаңғыртылды
Күн салқындап, қыс таяп келеді. Жаз бойы қысқа дайындық жүргізіліп, елдегі жылу орталықтарында қыруар іс атқарылды.
4 энергия блогы, 15 қазандық, 9 турбина жөндеуден өтті. Қазір 5 энергия блогы, 30 қазандық пен 19 турбина жаңғыртылып жатыр. Жыл соңына дейін 10 энергия блогы, 63 қазандық, 39 турбинаға күрделі жөндеу жүреді. Бұл жайлы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биылғы жылу маусымына 3,6 млн тонна көмір, 136 мың тонна мазут жиналған.
Энергия блогы - 10
Қазандық - 63
Турбина – 39
Көмір - 3,6 млн тонна
Мазут - 136 мың тонна