Елде өңірлік даму тұжырымдамасы бекітілді

Елде 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасы бекітілді.

Бұл туралы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Тұжырымдама халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған. Әсіресе әлеуметтік, инженерлік және көлік нысандарына ерекше назар аударылады. Қанат Бозымбаев өңірлік стандарттар жүйесі негізінде республикалық бюджеттен қаржыландыруда инфрақұрылымы нашар дамыған аймақтарға басымдық берілетінін жеткізді. Сондай-ақ моноқалаларды дамытудың жаңа шаралары әзірленді. Қазір Алатау қаласын қалыптастыру және дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Шаһардың бас жоспары бекітілді.