Атырауда 10 компания үлескерлерден заңсыз ақша жинаған

Атырауда 10 компания тұрғын үй құрылысына үлескерлерден заңсыз ақша жинаған.  

Прокуратура  тексеріс жүргізіп,  құрылыс компанияларының жалған жарнама жасағанын анықтады. Кінәлі деп танылған заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 11 млн теңге айыппұл салынды. Ал алданып қалған үлескерлер компания өкілдерінің үстінен сотқа арыз жазуына болады, - дейді құқыққорғаушылар.  Жалпы бұған дейін де осыған ұқсас іс тікерліп, 2 құрылыс компаниясының басшылары жауапқа тартылған еді.

Ерлан Какиев, қала прокурорының орынбасары:

- Халыққа ескертетініміз – бұл жарнамаларға алданбай, үйді алмас бұрын құжаттарын зерделеу қажет. Жер теліміне қатысты құқық беретін құжаттарды жинау және ең бастысы, үлескерлерді тартуға қатысты рұқсат құжаттары бар ма екен, зерделеу қажет. Егер бұл компанияға қатысты сұрақ не түсініспеушілік болып жатса, қала прокуратурасы және жергілікті әкімдік компанияға қатысты тиісті ақпарат беруге дайын екенін хабарлаймыз.