Республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды
Семейде «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.
Суырыпсалма ақындардың арасында Хабар телеарнасы бағдарламалар бөлімінің редакторы Мейірбек Сұлтанхан бар. Дүбірлі додада әріптесіміз екінші орынға ие болып 1,5 млн теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бас жүлдені жеңіп алған Мақсат Ақанов су жаңа автокөлікке ие болды. Бірінші орын алған Рүстем Қайыртайұлына 3 млн теңге берілді. Үшінші орын алған қатысушылар да арнайы сыйлықтар алды. Айта кетейік, жыр додасы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында өтіп отыр.
Мақсат Ақанов, бас жүлде иегері:
- Менің енді маңдайыма құдайдың берген бағын Мұхамеджаннан кейін маған келіп тұрғанына өзім де таңқалып тұрмын. Сондықтан енді менің сіздерге алып қосар ештеңем жоқ. Рақметтен басқа айтарым жоқ. Алла жар болсын.