Семейде «Достық үйі» ғимаратының іргетасы қаланды
Семейде жаңа «Достық үйінің» іргетасы қаланды.
Бұл мәдени нысан Маңғыстау облысының Абай еліне тартуы. Ол «Semey Smart City» шағын ауданында салынады. Ғимараттың іргетасына капсула салу салтанатына Маңғыстаудан келген қонақтар, Абай облысының басшылығы мен өңір тұрғындары қатысты. Бұл бастама ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өтіп жатыр. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Айрат Базенов, облыстық Достық үйіндегі ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі:
- Бұл ғимарат мен ойлаймын тек кірпіштен салынған ғимарат емес. Бұл екі елдің жылы жүрегінің жалғасуындағы рухани Достық үйі болатынына сенімдімін. Өйткені отыз жыл бұрын Әбіш атамыз Абай атамыздың 150 жылдық тойын өзі басы қасында болып басқарса, бүгінгі күні де Абай тойының қарсаңында Маңғыстаулық жұрт осындай Абай еліне үлкен тарту жасап отыр.