Абай Құнанбайұлының туған өлкесі Қарауылтөбеде той басталды. Live
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған өлкесі Қарауылтөбеде той басталды.
Ауылдағы киіз үйлер қалашығында 200- ден астам үй тігілген. Бүгін мұнда 30 мыңнан астам адам келеді деп жоспарланып отыр. Олардың арасында алыс жақын шет елдерден келген қонақтар бар.
Абайдың тойы баршамызға құтты болсын! Қазір біз киіз үйлер қалашығындамыз. Мұнда келіп жатқан халық қарасы қалың. Әр қаладан, облыстан келген қонақтар осында қазақ үй тіккен. Қазір мінекей көріп тұрсыздар ұлттық киімдегі біздің қонақтарымыз ән шырқап, келушілерге керемет көңіл-күй сыйлап жатыр.