Абайдың 180 жылдығына арналған сапар

«Абай мұрасы қазаққа ғана емес, күллі мұсылман әлеміне ортақ рухани қазына».

Жер шары мүминдерінің киелі мекені - Меккеге барған жамағат осылай дейді. Ұлы ойшыл еңбектері мен діни-философиялық тұжырымын зерттеген ғалымдар Абай мен араб руханияты арасында терең байланыс барын айтады. Хәкімнің оқып-білуге, ғылымды меңгеруге және рухани кемелденуге үндейтін шығармалары діни сауаттылықты арттыруға да сеп - дейді. Осы күні Мекке жерінде қажылық миссия толықтай аяқталды. Таяуда ғана мұнда қазақстандық экспедиция мүшелері табан тіреді. Бір топ отандасымыз Құнанбай баба ізімен Семейден жолға шығып, 10 мың шақырым жерді автокөлікпен жүріп өтті. Кейін қасиетті Қағба жанында құлшылық жасады. Олар бұл сапарын Абайдың 180 жылдығына арнап, жергілікті жұрт арасында кемеңгер тұлға мұраларын насихаттауға үлес қосты.

Ержан Сіләмбеков, Семейлік экспедиция мүшесі:

- 1860-65 жылдар арасында Құнанбай атамыз қажылыққа келген. Біз Абай атамыздың 180 жылдығына арнайы сол ізбен келдік. Біз өзіміз Семей тұрғыны боламыз. Ол енді біз үшін үлкен тарих.