Панфилов ауданында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр

Жетісу облысының Панфилов ауданында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр.

Білім ошағының біреуі биылғы оқу жылында, екіншісі келесі жылы ел игілігіне тапсырылады. Нәтижесінде шекаралы  аймақтағы мектептердің жүктемесі  азаяды.

Талды ауылындағы  мектептің құрылысы былтыр көктемде басталды. 300 балаға арналған оқу орыны бірнеше бөліктен тұрады. Бастауыш пен жоғарғы сыныптың оқушылары жеке ғимаратта білім алады. Мекеме озық үлгідегі құралдармен жабдықталады. 

Алмат Аманторлеев, мердігер:

- Үлкен спорт залы менен 110 орындық асханасыменен. 80 орынға арналған актовый залы подюмімен. Одан кейін бір ерекшелігі комбинированный мастерская. Мастерская для тканий, мастерская кулинария оның бәрі бар. Кабинет дизайна, информатика, химия, физика сол ерекшеліктері.  

Жаңа мектептің ашылуын жергілікті тұрғындар тағатсыздана тосып жүр. Себебі бұған дейін ауыл балалары 1960 жылдары салынған білім ошағында оқып келді.

Нұргүл Оразқызы, Талды ауылының тұрғыны:

- Жаңа мектеп құрылысын салып жатыр. Өте қуаныштымыз. Сенді осы ұрпағымыз осы мектепте жақсы тәрбиеленіп, үлкен азаматтар шықса деген тілегіміз бар. 

Қайтарылған активтер есебінен Сүптай ауылында да жаңа мектеп салынып жатыр. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Сол кезде балалар заманауи ғимаратта білім алады. Жалпы Жетісу облысында 7 білім ошағының құрылысы қолға алынған. Биыл соның 4-еуі оқушыларға есігін айқара ашады. 

Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдірешов