Оқу-ағарту министрлігі 7 млрд теңгені үнемдеді

Елде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі шеңберінде мектепке дейінгі 4 700-ге жуық ұйым қамтылып, 356 мыңнан астам ваучер берілді.

Нәтижесінде бюджет қаражаты 7 млрд теңгеге үнемделді. Оқу-ағарту министрлігі ұсынған дерек осындай. «Ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша қолға алынған пилоттық жобаға, бүгінде 20 қала мен Түркістан және Жамбыл облыстарынан 7 аудан қосылған. Бұл бастама бұрын мемлекеттік тапсырыс алмаған балабақшаларға құжаттарды электронды форматта тапсыру арқылы автоматты түрде жүйеге қосылуға мүмкіндік берді.