Ақтөбеде 128 мың гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды
Ақтөбе облысында 128 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.
Шаруа қожалықтары шабындық, егістік пен жайылымды 49 жылға жалға алғанмен, оны мақсатты пайдаланбаған. Жыл соңына дейін тағы игерусіз жатқан 32 мың гектар алқап қайтарылуы тиіс. Бұдан бөлек, 95 учаскені тексеру жоспарда бар. Себебі Алға және Мәртөк ауданы шаруаларына жер жетпей жатыр. Оларға шамамен 44 мың гектар қажет. Облыстық жер қатынастары басқармасы қайтарылған жерлерді заң талабына сай, шаруаларға бөліп береді.
Әділбек Қабидуллин, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Жеке мал бастарының көбеюуіне байланысты тапшылық туындайды. Сол себепті жақын орналасқан шаруа қожалықтарының жерлері қайтарылып, соны ауылдың, елді мекеннің жерлеріне беріледі. Және де қайта айналымға шығарылып басқа азаматтарға конкурс арқылы жер учаскесін табыстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.