Қонаевта «Umtylys» байқауының жүлдегерлері марапатталды

Алматы облысында биыл алғаш ұйымдастырылған ((«ŪMTYLYS»)) ҰМТЫЛЫС байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар арасында өткен байқауға 43 жас маман қатысып, сегізі, жүлдегер атанды. Мысалы Балқаш ауданынан келген Ақын Жәндәулеттің, «Таза ауыл – таза болашақ» жобасын қазылар  жоғары бағалады. Жалпы шараның мақсаты – ауыл жастарына арналған заманауи жобаларды қолдап, әдіскер-нұсқаушыларды ынталандыру. Өңір халқының үштен бірі жастар. Қазір облыстың шалғай аудандарда да жастар ресурстық орталығы ашылып, жергілікті жастарға қолдау көрсетіліп жатыр.

Ақын Жандәулет, байқау жеңімпазы:

- Мен осы жобаға «Таза ауыл — таза болашақ» жобасын ұсынған болатынмын. Барлық аудан көлемінде немесе облыс көлемінде осы жобамды дамытсам деп ойлаймын. Ауылымызда 444 жас бар. Соның кем дегенде 200-300-дей адамды тартып үлгірдік.

Мәди Ахметов, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Жалпы Алматы облысында соңғы екі жылда облыс басшылығының қолдауымен жастардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қолға алынды. Ол Кеген ауданында ашылған жастар орталығы. Дәл сондай орталық Райымбек ауданында ашылды. Кейіннен барып Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында ашылды. Биылғы жылы қазан, қараша айларында жастар көп шоғырланған Қарасай ауданында да екі қабатты үлкен орталық іске қосылатын болады.