Текеліде 18 шақырым жол жаңғыртылады
Текелінің жолдары жөнделіп жатыр.
Биыл Дінмұхамет Қонаев атындағы көшенің 18 шақырымына жаңа асфальт төселеді. Оның 6 километрі толық жаңғыртылса, 12 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Жолды жөндеуге бюжеттен 2 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді. Қаладағы негізгі жолдың жөнделуін жұрт көп күтті. Жыл сайын жамағанмен, жолдың сапасы жақсармады. Жолдың нашарлығы туристерді тартуға да кедергі болды. Жаңғырту жұмыстары мамыр айында басталды. Мердігер межелеген мерзімде тапсыруды жоспарлап отыр.
Ерлан Жетібаев, қала әкімінің орынбасары:
- 12 шақырымның 8,5 шақырымына асфальт төселініп, 3,5 шақырмы қалды. Сонымен қатар жол жиегіндегі төсеу жұмыстары жасалып жатыр.