Магистратураға құжат қабылдау басталды
Елде магистратураға құжат қабылдау басталды.
18 тамызға дейін жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Айта кетейік, биыл магистратураға түсу үшін 49 мыңға тарта адам емтихан тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 50 пайызы, ал бейінді бағыт бойынша тек 21 пайызы шекті балл жинап, грант конкурсына қатысуға мүмкіндік алды. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.