Абай облысында 21 шақырым жылу желісі жаңартылады

Абай облысында 21 шақырым жылу желілілері жаңартылып, 22 жылу көзі жөнделеді, деп хабарлайды 24kz.

Бұған бюджеттен 4 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, желілердің тозу деңгейін азайту жоспарда бар. Қазір өңірде 422 білім беру мекемесі, 234 денсаулық сақтау обьектісі мен 7 әлеуметтік нысан қысқа дайын. Оларды 46 жылу көзі қамтамасыз етеді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды жабдықтайтын 330 автономды қазандық бар. Жалпы жылу желілерінің ұзындығы 408 шақырым. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, олар 59% тозған. Мәселені шешу мақсатында биыл 7 жоба іске асырылады.

Алтынбек Әділбеков, Абай облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Сонымен қатар ағымдағы жылы Семей және Аягөз қалаларындағы жылу көздері мен жылу желілерін жөндеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.