ШҚО-да ветеринарларға 100-ден астам қызметтік көлік кілті табысталды

Шығыс Қазақстан облысында мал дәрігерлері темір тұлпарлы болды, деп хабарлайды 24kz.

Облыс әкімі ветеринарларға 100-ден астам су жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Бүгінде өңірдегі 110 ветеринарлық мекемеде 500-ден астам маман жұмыс істейді. Мекеме көліктері соңғы рет 12 жыл бұрын жаңартылған. Ал жаңадан берілген темір тұлпарлар мамандарға ыңғайлы болу үшін анатомиялық және хирургиялық құралдармен жабдықталған. Олар өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен 5 жылға лизингке сатып алынған көрінеді. Бұдан бөлек, облыста ветеринар мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Қызметкерлердің жалақысы 20%-ке өсіп, алдағы айда техникалық базаны жабдықтау жоспарланып отыр.

Қамбар Чилимбаев, ветеринарлық мекеме директоры:

- Облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы бізбен 1,5 жыл бұрын кездесіп, ветеринарияны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінде бұл жұмыс сәтті жүргізілуде. Негізгі мақсатымызжұқпалы аурулардың алдын алу, сосын диагностика.