Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы үкіметтік штаб құрылды

Үкімет президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы республикалық штаб құрды.

Бұл мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін үйлестіреді. Яғни нашақорлықтың алдын алу бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген. Штабқа Премьер-министр басшылық етеді, ал басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі бекітілді.