Қырғызстанмен арадағы шекарадан өту жылдамдайды

Қырғызстанмен шектесетін шекарадан өту жылдамдайды.

«Қордай» өткізу пунктінде автоматтандырылған Qgate төлқұжаттық қадағалау жүйесі енгізілді. Әзірге пилоттық режимде жұмыс істейді. Нәтижесінде шекарадан өту уақыты бір жарым минутқа қысқарды. Шекарадағылар тәуілігіне 6-8 мың адамды өткізетінін айтады. Айта кетейік, бұл Мемлекет басшысының шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау барысында іске асып отыр. 

Қуат Кенжебаев, "Қордай" шекаралық қадағалау бөлімі бастығының орынбасары:

- Мемлекеттік шекарадан бүгінгі таңда 20 мыңнан 40 мыңға дейін адам, 3 мыңнан 4 мыңға дейін көлік құралдары өтеді. Көлік құралдары, тауарлы заттарды оңтайлы тексеру мақсатында инспекциялық тексеру кешені орнатылған.