О. Бектенов ЕҮАК-тың шағын құрамдағы отырысына қатысты
Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының жаңа ғимаратында жоспарлы түрде құрылыс жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ 500 орындық «Самал» демалыс үйін реконструкциялау жоспарланған. Бұл туралы Олжас Бектеновтің Шолпан-атаға жасаған сапары аясында айтылды. Премьер-министр құрылыс алаңында болып, жауаптылардың Қырғызстанда орналасқан қазақстандық курорттық-рекреациялық төрт нысанның жағдайы туралы баяндамаларын тыңдады. Қазір Бостери ауылындағы «Университет» лагері бойынша курорттық-рекреациялық аймақты дамыту тұжырымдамасы және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығын жөндеу мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Шолпан-атадағы келелі кеңесте биылғы Алматыда өткен жиында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ақпарат алмасуды жетілдіре түсуге назар аударылды.