Тамыз кеңесінде қандай мәселелер көтерілді?

Бүгін Астанада Педагогтердің республикалық тамыз кеңесі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды ашып, білім беру саласындағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналып отыр. Мамандар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселені, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамту жайын талқылады.