ШҚО-да шұғыл қызмет көліктеріне жол бермегендер жазаланып жатыр
Шығыс Қазақстандық құтқарушылар арнайы техникаға жол бермейтін жүргізушілермен күресті күшейтті, деп хабарлайды 24kz.
Бұған себеп – дабыл белгілерін қосып келе жатқан шұғыл қызмет көліктерінің жолын кес-кестейтіндер көбейген. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар баршылық. Алайда айыппұл арқалағанымен, нәтиже шығарғандар қатары тым аз. Осыны ескерген өрт сөндірушілер қала көшелерін арнайы көлікпен аралап, кедергі жасаған көлік жүргізушілеріне жол берудің маңыздылығын түсіндірді. «Себебі мұндай салғырттық соңы кейде адам өмірінің үзілуіне себепкер болады», - дейді олар.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
- Құтқарушылар мұндай жағдайға жиі ұшырасады. Сондықтан тоқсан сайын профилактикалық рейд ұйымдастыруды шештік. Алтай, Риддер қаласына да барып қайттық. Жедел жәрдем болсын, өрт сөндіру көлігі болсын адам өмірін арашалау үшін асығады. Ендеше жол үстінде жауапкершілікті күшейту – бәрімізге ортақ талап.