Жаңаөзенде 2027 жылға дейін жаңа газ зауыты пайдалануға беріледі
Жаңаөзенде жылына 900 млн текше метр газ өндіретін зауыт салынып жатыр.
Құны 217 млрд теңге болатын бұл жобаны 2027 жылға дейін жүзеге асыру көзделген. Жаңа газ өңдеу зауытының құрылысымен аймаққа жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев танысты. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл 3 наурызда басталды және ол жоғары технологияға сай салынып жатыр. Қазірде негізгі іргетасы қаланып, сыртқы инженерлік желілері орнатылған. Елдегі табиғи газдың ең ірі тұтынушысы саналатын Маңғыстау облысы үшін бұл аса маңызды стратегиялық нысан.
Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты