Астанада LRT желісіне рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды

Астанада LRT-ның негізгі желісіне рельстерді төсеу аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Ұзындығы 22,4 шақырым учаскеге 89 600 погондық метр рельс қойылды. Бұл №101 және 118-ші станциялар арасындағы жер. Қазір мұнда дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, құрылыста құрамында темірі көп, көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясымен орнатылды. Бұл құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетеді. Әрі LRT маңындағы аудан тұрғындарына қолайсыздық туғызбау үшін жасалған.