Ақмола облысы Егіндікөл ауылында су мұнарасы жөнделеді

Биыл Ақмола облысында кемінде 80 елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланған.

Сонымен қатар Көкшетау, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында және ауылдық округтерде іске асырылып жатқан жобаларға 20 млрд теңге астам қаражат қарастырылды. Егіндікөл және Полтавка ауылдарында су мұнаралары жөнделмек. Бұл шаралар халыққа санитарлық талаптарға сай қауіпсіз ауызсу жеткізуге мүмкіндік береді. Егіндікөл ауданының тұрғындары Мәжіліс депутаты Юлия Кучинскаяға ауылдағы жолдардың нашарлығына және су астында қалуына қатысты шағымдарын жеткізді. Өз кезегінде мәжілісмен суға қатысты жобалардың іске асырылуына бақылауды күшейтуге уәде беріп, Нұра топтық су құбырын жаңғыртуға арналған кеңес өткізді.

Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде Ақмола облысының ауылдарында орталықтандырылған сумен қамтудың деңгейі 96,6%-ға тең. Бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен, басқа да түйткілдер бар. Жоба мен жоспар көп. Бірақ су қоры, тариф қалыптастыру, құбырлардың тозуының алдын алу, нысандарды балансқа алу сияқты жұмыстар қалып отыр. Солтүстік аймақтарда халық тығыз орналаспағандықтан, инвестиция тарту оңай болмай тұр. Кәсіпкерлер тарапынан коммерциялық қызығушылық аз.