Шерзат ісі бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотталғандардың аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды.  Сот отырысы ашық өтеді дегенімен, процесті бейнекамераға түсіруге тыйым салынды. Сотталғандардың қорғаушысы мен туыстары түсірілімге қарсылық білдірген. Есіңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Талғарда болған қанды оқиғада жасөспірім Шерзат Болат кісі қолынан көз жұмды. Оны пышақтаған - Абзал Шынасыл  23 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал  Равиль Сакиев 20 жылға, қалғандары 7 жылдан 15 жылға дейін сотталған болатын.

Қалдарбек Досымбет,  апелляциялық сот отырысына төрағалық етуші:

- Сотталғандар Шынасыл, Сакиев, Тоқтаубаев, Тоқтаубаев, Балғожаев, Аскентай, Ильясов және Қалиахметке қатысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 5 маусымындағы үкімі мен жеке қаулысы өзгеріссіз, ал адвокаттар Абенов, Бөленбаев, Ержанов, Қилыбаев, Баймуханова, Нұрқасымбаев, Бабажанова, Сәдібековпен бірге Белғожаевтың, қорғаушы Сарманованың, сотталғандар Тоқтаубаев, Тоқтаубаев, Сакиевтің апелляциялық шағымы мен адвокат Сыдықбековтың жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Мейірман Шекеев, жәбірленуші тараптың қорғаушысы:

- Біз толықтай келісеміз. Бірінші сатының үкімі шыққан кезде де біз өзіміздің позициямызды білдіргенбіз. Соған қанағат тұтамыз. Иә, Шерзаттың аруағы, Нұрқанаттың аруағы риза болсын. Жәбірленуші тарапы бұл үкіммен келіседі.