Алматыда құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары талқыланды
Азаматтардың құқықтарын қорғауда мемлекет пен қоғамдық ұйымдар бірлесе әрекет ету керек. Бүгін Алматыда әкімдік өкілдері, қалалық полиция мен Әділет департаментінің мамандары, Үкіметтік емес ұйым мүшелері мен заңгерлер бас қосып, өзара әрекет ету механизмдерін талқылады, деп хабарлайды 24kz.
«Көп жағдайда азаматтар құқықтық сауаттылығының жоқтығынан заңсыздыққа жол беріп жатады», - дейді мамандар. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Азаматтарды қолдау орталығы» ел аймақтарын аралап, құқықтық сауаттылық бойынша бірнеше кездесулер өткізді.
Айман Омарова, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
- Екінші мына сотталғандардың проблемасы. Қылмыстық кодексті өзгерту керек деп санаймын. Балалары бар әйелдер, екіқабат әйелдер, аяғы ауыр, соларды соттаған кезде мына жазаны өтеуді кейінге қалдыру деген бар, оны соттар біресе қолданады, біресе қолданбайды. Заңда солай жазылған, қолдануға да болады, қолданбауға болады деген сияқты. Сонда біреуіне қолданады, біреуіне қолданбайды? Неге?
Шынар Әбзелбек, Алматы қ. Әділет департаментінің арнайы өкілі:
- Әділет министрлігі чат-ботты іске қосқан болатын. Чат-бот дегеніміз – жасанды интеллект, 24/7 тегін қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы бірден бір көмек деп айтқым келеді.