Шымкентте полицейлерге киберволонтерлер көмектеседі

Шымкентте 1243 интернет-ресурс жабылды.

Бұлар есірткіні жарнамалаған. Қылмыс арнайы мониторинг арқылы анықталды. Іс-шараға кибереріктілердің көмегі тиді, дейді полицейлер.Қазір күдікке ілінгендерге іздеу жарияланған. Биыл «Есірткісіз қала» жобасына қатысушы ерікті жастарды көптеп тарту көзделіп отыр. Олар есірткі саудасының алдын алуға  жұмылдырылады. Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысына қатысты 200-ден астам дерек тіркеліп, заңсыз айналымнан 100 келі тауар тәркіленді.

Бауыржан Қарбеков, қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Біз осы кибереріктілер тобын жасақтаған кезде олардың техникалық білімі барын алуға тырыстық. Еріктілердің өте үлкен көмегі тиіп жатыр. Алдағы уақытта жоспарымыз бар. Осы кибереріктілердің тобын, санын тағы да қосымша ұлғайту бойынша.