Жалпыұлттық пул шеңберінде 22 жоба жүзеге асады

Атырау облысында жалпыұлттық пул шеңберінде құны 108 млрд теңге болатын 22 жоба жүзеге асады.

Басым бөлігі газ химиясы, ауыл шаруашылығы мен теміржол саласын дамытуға бағытталған. Күні бүгінге дейін 6 жоба іске қосылды. Оның ішінде құбыр жабдықтарына қажетті композиялық материал шығаратын цех, вагон дөңгелектері шеберханасы мен құс етінен жартылай фабрикаттар дайындайтын цех бар. Жыл аяғына дейін тағы 16 өндіріс орны  пайдалануға беріледі. Жобалар толық жүзеге асқан кезде 1500 адам жұмыспен қамтылады.

Гүлфайруз Маратова, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

- Олардың ішінде құс фабрикасы, сұйытылған газ қоймасы, тауарлы балық шаруашылығы, көкөніс сақтау қоймалары, жылыжай кешені, сервистік цехтар бар. Аталған жобалар жыл соңғына дейін қосу жоспарлануда. Барлығы 16 жоба.